30 шілде 2019 | 13:54

Рус, красавчик! Ақтауда ұрылар ұсталды

Тengrinews.kz коллажы

Ақтауда ер адамды ұрып-соғып, тонамақшы болғандардың кім екені анықталып, ұсталды, - деп хабарлайды "Лада".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда ер адамды ұрып-соғып, тонамақшы болғандардың кім екені анықталып, ұсталды, - деп хабарлайды "Лада".

Үш адамның жігітке қоқан-лоқы көрсетіп, ұялы телефоны мен ақшасын тартып алмақшы болған видеоны құқық қорғау органдарының қызметкерлері жіті тексеріп шыққан. Үш ұрының да кім екендері анықталды. Кейінірек олар ұсталды. Осы дерек бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалған. 

Реклама
Реклама

Рус, красавчик! Бұзақылардың сазайын берген жігіт оқиғаның мән-жайын айтты

Қаскөйлерге 5000 АЕК (12 625 000 теңге) айыппұл салынуы мүмкін, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Оқиға 13 шілдеде Ақтаудың 2-ші ықшамауданында болған. Видеоның кейіпкері Руслан Мұханбетқалиев бір адамға шабуыл жасағанын көріп, немқұрайлылық танытпай, араша түскен. Бұзақылар онымен алысып, артынша қашып кеткен. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная