Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Саида Ибраимованың өліміне қатысты сот басталды

17 Маусым 2014, 14:43
0
Саида Ибраимова. ©Vk.com
Саида Ибраимова. ©Vk.com
Адвокаттар мен айыпталушылар сот залында. ©Роза Есенқұлова
Адвокаттар мен айыпталушылар сот залында. ©Роза Есенқұлова
Айыпталушы. ©Роза Есенқұлова
Айыпталушы. ©Роза Есенқұлова

Алматыда Саида Ибраимованың өліміне қатысты іс бойынша сот басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот залынан.

Айыпталушылар үшеу, олардың бірі - қаладағы жоғары оқу орындарының бірінің журналистика факультетінде оқитын Әлібек Ерғалиұлынан ешқайда кетпеуі туралы қолхат алынған. Қалған екеуі тұтқында: Гавгаз Әлиев Әзірбайжанда туылған, бірнеше жылдан бері Қазақстанда тұрады, екінші айыпталушы - Алматы тұрғыны Жан Алагөзов. Оқиға 2014 жылдың наурыз айында болды.

Әсемдік салонында жұмыс істеген 24 жастағы Саида Ибраимова наурыз айында із-түссіз жоғалып кеткен. Оны іздеуге полицияның барлық күші жұмылдырылды, Алматы ІІД мен Жетісу аудандық ІІБ мамандарынан жедел тергеу тобы құрылды. Бірнеше күннен соң қыздың өлтірілгені, денесінің қала сыртына шығарылып, өртелгені анықталды. Қылмысқа күдікті ретінде үш адам ұсталды, оның бірі ешқайда кетпеуі туралы қолхатпен босатылды.

Іс материалдарына қарағанда, Жан Алагөзов Ибраимованың бұрыннан білетін танысы болған. Ол қызды өз үйіне шақырады. Кейін танысы Гавгаз Әлиевпен бірге Ибраимованы бірнеше рет зорлап, телефонның сымымен қылғындырып өлтіреді. Қылмыскерлер оның банк карточкасын, ұялы телефонын, қаракүзен тонын, басқа да заттарын алады, шығынның жалпы көлемі - 571 мың теңге. Мәйітті өртеп жіберуді сотталушы Ерғалиұлы ұсынады, ол қылмысты жасырғаны және ұрлық жасағаны үшін айыпталып отыр. Әлиев пен Алагөзов сотта қызды өлтіргенін мойындады, ал студент кінәсін мойындаған жоқ.

Процесс барысында Әлиевті зорлық қылып, тонағаны үшін айыптап отырған тағы бір қыздың арызы қаралып жатыр. Бүгін, 17 маусым күні куәгерлер мен сол жәбірленушінің өзінен жауап алынды. Келесі отырыс 24 маусымға белгіленді. Еске салайық, Саида Ибраимованың өлімі Алматы жұртшылығын дүрліктірген болатын. Таныстары мен туыстарының айтуынша, Ибраимова - сабырлы, айқай-шуға әуестігі жоқ адам. Ол отбасындағы табыс табатын жалғыз адам болған, оның ата-анасы - жұмыссыз.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай