16 қараша 2023 12:32

Салтанат Нүкенованың өлімі: сараптама қорытындысы қашан белгілі болады?

фото: әлеуметтік желіден

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сараптама жүргізілгенін, сараптама қорытындысы бір ай ішінде шығатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сараптама жүргізілгенін, сараптама қорытындысы бір ай ішінде шығатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулураныда журналистер Қожаевтан бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өлтірді деген күдікке ілінген Салтанат Нүкенованың ісі бойынша тергеу барысын сұрады.

Реклама
Реклама

"Осы деректердің барлығы бойынша қылмыстық іс қозғалды, соталды тергеу амалдары жүргізіліп, қажетті сараптамалар мен процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады", - деді Қожаев.

Журналистер әйелді өлтіру ісі бойынша тергеушілер неге ауысып жатқанын сұрады.

"Бірінші күні кезекші топ шықты, келесі күндері тергеу амалдарын басқалар жүргізуі мүмкін. Барлық ілеспе гистологиялық зерттеулермен медициналық тексеру бір айға жуық уақытты алады", - деп жауап берді ол.

Ішкі істер министрлігі басшысының бірінші орынбасары адам өлтіру дерегі бойынша бірнеше адамға қатысты тергеу жүріп жатқанын айтты.

"Бірнеше адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Барлығының кінәсі тергеу барысында анықталады. Енді басқа ақпарат бере алмаймын, бұл заң талабы", - деді Қожаев.

Сонымен қатар, журналистер "Гастро-орталық" ғимаратында, Bau мейрамханасында қылмыс болған жерде түсірілген бейнежазбалар туралы сұрады. Желіде адам өлтіру оқиғасы болған күні түсірілген видео жойылғаны туралы хабарлама тарады, бірақ полиция оны кейін қалпына келтіре алды.

"Тағы да айтайын, бұл ақпараттың барлығы соталды тергеу барысында анықталған ақпаратқа қатысты. Сіз айтып отырған ақпаратты бүгін бере алмаймын, бүгінде оның барлығы зерттеліп жатыр. Сараптама жүргізілді, қажетті биометриялық материалдар тәркіленді, содан кейін бір айдың ішінде сараптамалық қорытынды жасалады", - деп сендірді ол.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

Кейінірек экс-министр Қуандық Бишімбаев екі ай мерзімге қамауға алынғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram