Саранда сатушы әйел айуандықпен өлтірілген: күдікті ұсталды

instagram.com/shock_news_kz

Қарағанды ​​облысының Саран қаласында полицейлер дүкен сатушысына шабуыл жасаған 50 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды ​​облысының Саран қаласында полицейлер дүкен сатушысына шабуыл жасаған 50 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

22 қаңтарда бейтаныс біреу азық-түлік дүкенінің сатушысын пышақтап кеткен еді. Әйел көз жұмды.

Желіде оқиғаның видеосы тарады. Онда ер адамның азық-түлік дүкеніне пышақпен кіргенін көруге болады. Бүгін, 23 қаңтарда күдіктінің ұсталғаны белгілі болды.

Реклама
Реклама

"Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде 27 жастағы Саран тұрғынын өлтірген күдікті ұсталды. Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің жедел-тергеу тобы 50 жастағы ер адамды қамауға алды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр, - деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі Саран қаласының 27 жастағы тұрғынының өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама