20 қаңтар 2020 10:49

Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы алаяқтық үшін жазаланды

© Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысына сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысына сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы К.Ш. Күнеділоваға қатысты тергеу жүргізді.

Реклама
Реклама

"Ол орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне қол қою және мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қалған қаражатты аудару үшін "Хлебстрой" ЖШС-ның Қарағанды филиалы директорынан 1 миллион 200 мың теңге көлемінде қаражатты алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы иемдегенуге әрекеттенгені үшін күдіктеледі", - делінген хабарламада.

Биыл 17 қаңтарда Сәтбаев қалалық сотының үкімімен К.Ш. Күнеділова алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылып, оған 12 миллион теңге айыппұл салынды және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram