Сәтбаев қалалық ЖПҚ басшысының орынбасары парамен ұсталды

Сәтбаев қалалық ЖПҚ басшысының орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюро департаменті мен ?ара?анды облысты? ?зіндік ?ауіпсіздік бас?армасыны? ?ызметкерлері жергілікті полиция ?ызметіні? басшысыны? орынбасарын ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаменті мен Қарағанды облыстық өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің басшысының орынбасарын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның ұсталған сәті түсірілген видео Instagram желісінде пайда болды. Кадрлардан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департамент өкілдері мен полицейлерді көруге болады. Ұсталған адамның қолы кісендеулі. Ол қолын босатып, телефон соғуға мүмкіндік беруді сұрайды. 

Осы жағдайға қатысты облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі түсінік берді. Ресми мәліметтер бойынша, полицей әкімшілік құқықбұзушылық жасаған адамнан пара алды деген күдікпен ұсталған.  

Реклама
Реклама

"Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері облыстық ІІД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен бірге әкімшілік құқықбұзушылық жасаған адамды жауапқа тартпау үшін ақшалай қаражат алған деген күдікпен Сәтбаев қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары ұсталды", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты соталды тергеу жүріп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама