ПОДЕЛИТЬСЯ
18 ақпан 2022 | 14:05
Сәтбаевта автобус мотоциклмен соқтығысты: желіде жол апатының видеосы пайда болды
Instagram желісінде автобус пен мотоцикл соқтығысқаны түсірілген видео тарады. Оқиға салдарынан мотоциклші мен оның жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жантүршігерлік жол апатының видеосын Қарағанды облысы полиция департаменті тергеу бөлімінің бастығы Алмаз Саламатов Instagram желісінде жариялап, оқиғаның мән-жайын айтып берді.

"Өткен жылдың 15 мамырында Сәтбаев қаласында автобус пен мотоцикл соқтығысқан жол апаты болды. Оқиға салдарынан мотоцикл жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. ӘҚК 13-тарауының 5-тармағына сәйкес, бағдаршамда кері бұрылу кезінде көлік жүргізушісі қарсы бағыттан түзу немесе оңға қарай қозғалатын көліктерге жол береді. Ереженің бұл талабын автобус жүргізушісі бұзған", - деді Алмаз Саламатов.
Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі "Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша тіркелді. Өткен жылдың соңында Анықтау басқармасы істі сотқа жіберген.
"Былтырғы жылдың желтоқсанында Сәтбаев қаласының соты автобус жүргізушісін кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығынан айырды. Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерді тағы да жол ережесін сақтап, жолда сақ болуға шақырады", - деп қосты Алмаз Саламатов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также