19 қазан 2022 09:45

Сәтбаевтағы атыс: күдіктілер ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Сәтбаевта атысқа қатысты деген екі ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәтбаевта атысқа қатысты деген екі ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Жүргізілген жедел-іздестіру іс шаралары барысында полиция қызметкерлері 18 және 20 жастағы екі ер адамды ұстады. Оның бірі көлік тізгінінде болса, екіншісі болжам бойынша жәбірленушіге оқ атқан. Ұсталған ер адам мойындау көрсетпе белгілерін берді", - делінеген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша Ulytau Mall сауда үйі алдында жас жігіттер сөзге келіспей, соңы төбелеске ұласқан.

Реклама
Реклама

"Оқиға орнынан автокөлікпен кету кезінде, күдіктілердің бірі 24 жастағы азаматқа оқ атып, ол жерден автокөлікпен ізін жасырған. Жәбірленуші оқ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-99 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленді", - делінген хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны айтылды. Оқиғаға қатысушылардың жеке басы анықталған. Қазіргі уақытта оларды ұстау бойынша кешенді шаралар жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Сәтбаев қаласында белгісіз біреулер көшеде ер адамды атып кеткені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram