ПОДЕЛИТЬСЯ
01 наурыз 2021 | 15:04
Сәтбаевтағы тәртіпсіздік: сот отырысы басталды
Қарағанды облысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында былтыр шілдеде Сәтбаев қаласында болған жаппай тәртіпсіздікке қатысты басты сот талқылауы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында былтыр шілдеде Сәтбаев қаласында болған жаппай тәртіпсіздікке қатысты басты сот талқылауы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айыпталушы тарапта - 54 адам. Олардың ішінде 48 ер адам және алтауы әйел. Оларға ҚР ҚК-нің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу", сондай-ақ 380-бабы "Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану" бойынша айып тағылды. Сот процесін судья Кенжебай Ысқақбаев жүргізеді.
Айта кетейік, Сәтбаев қаласында 2020 жылғы 23-нен 24 шілдеге қараған түні кәмілеттік жасқа толмаған балаға қатысты зорлық-зомбылық дерегі анықталғанан кейін жаппай тәртіпсіздік болды.
Бұған дейін 23 шілдеде кешке қалада бес жасар қыз жоғалып кеткен. Оны іздеуге барлық тұрғын жиналған. Сөйтіп, қыз пәтерлердің бірінен табылды. Пәтерде онымен бірге ер адам болған. Жергілікті тұрғындар кішкентай қыз табылған үйдің алдына жиналып, күдіктіні жазалау үшін бірнеше рет оның үйіне басып кірмек болған.
Тұрғындар 5 жасар қызды зорлады деген күдіктіні өздері жазаламақ болған. Артынша ашуланған тұрғындар полиция ғимараты маңындағы көліктерді өртегені хабарланды.
Жергілікті тәртіп сақшыларына Ұлттық ұлан сарбаздары көмекке келді. Осыдан кейін жағдай бақылауға алынды.
6 қазанда Қарағанды тергеу изоляторында қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынған ер адамның денесі табылды. Ол өз-өзіне қол жұмсаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также