Щучье тұрғыны "тыңшы" қалам сатқысы келген

Көрнекі сурет

Щучье тұрғыны аудио, видео жазатын "тыңшы" қаламды хабарлама арқылы сатқысы келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Щучье тұрғыны аудио, видео жазатын "тыңшы" қаламды хабарлама арқылы сатқысы келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Hi-Tech шұғыл-профилактикалық шарасын өткізу кезінде Бурабай аудандық полиция бөлімінің Криминал полиция бөлімшесінің қызметкерлері Желіде автоқалам-телефонның сатылатыны туралы хабарламаны анықтаған. Оны Щучье қаласының 46 жастағы тұрғыны жариялаған.

Құрылғы ақпаратты жазу және беруге келіспеген жағдайда пайдаланылады. Мұндай техникалық құралды қолданғандар ҚР ҚК 399-бабына сәйкес ("Жарияланбайтын ақпаратты алу үшін техникалық құрылғыларды заңсыз дайындау, өндіру, сатып алу немесе пайлалану") жазаланады.

Реклама
Реклама

"Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазір сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама