Шекарада дизель отыны контрабандасының жолы кесілді

©ҚР ҰҚК ШҚ

Қазақ-қытай шекарасында "Достық" жеке өткізу-бақылау бекетінің наряды 11 тонна дизель отынын елімізден заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

"Қытай азаматтары айдап келе жатқан 8 жүк көлігін қарау кезінде олардың конструкциялық құрылымында жасанды өзгерістердің бар екендігі байқалды: көліктің техникалық құжатына сәйкес келмейтін қосымша бактар қойылыпты, оларға 11 000 литрге жуық дизель отыны толтырылған", - делінген хабарламада.

Аталған деректер бойынша құқық қорғау органдарына хабарланды. Қытай Халық Республикасының барлық сегіз азаматы әкімшілік жазаға тартылды.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, ақпан айының соңында Қазақстан мен Ресейдің шекарасында Ресейге 40 тонна дизель отынын заңсыз алып бара жатқан қазақстандықтар ұсталған болатын. Екі азаматқа қатысты істі қазір қаржы полициясы тергеп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама