03 қараша 2022 | 17:02

Семей орталығында күдікті көлікті қуу сәтінің видеосы пайда болды

Дина Шарипханова Корреспондент

Әлеуметтік желіде Семейде полицияның көлікті қуып бара жатқаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде Семейде полицияның көлікті қуып бара жатқаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай облысы ПД мәліметінше, көлікте қарулы адам болған. Ол ұсталған соң тапаншадан құтылмақ болған.

Реклама
Реклама

"Семей ПБ жедел басқару орталығының камераларынан күдікті көлік байқалды, ол қаланың орталық бөлігінде асқан жылдамдықпен жүрді. "Барыс-10" патрульдік экипажы автокөлік соңына жіберілді, нәтижесінде полиция қызметкерлері ізін суытпай қаскүнемдерді ұстады. Көліктен түскен соң ер адамдардың бірі тапаншаға ұқсайтын затты бұталардың арасына лақтырып жіберген. Оны тергеу-жедел тобы тәркіледі, сонымен қатар 4 дана оқ-дәрі табылды", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Сараптама тапанша оқ атуға жарамды атыс қаруы екенін көрсетті.

36 жастағы ер адамға қатысты соталды тергеу басталды, ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Жүргізушіге қатысты жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 7 әкімшілік хаттама толтырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная