02 маусым 2022 | 18:22

Семей тұрғыны алматылықтың 80 мың долларын алдап алған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Көрнекі сурет: elements.envato.com

Семей тұрғыны алматылықтың 80 мың долларын алдап алған. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Семей тұрғыны алматылықтың 80 мың долларын алдап алған. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қаскүнем Алматыға Семейден келген. Ол ақша айырбастау орнын жалға алып, валюта айырбастау туралы хабарландыру жариялаған.

"Бірінші болып Алматы тұрғыны құрығына түскен. Жексенбіде кездесетіні туралы келісіп, кейін қыз белгіленген орынға барлық соманы алып келген. 80 мың долларды оған берген. Ер адам айырбастаймын деген сылтаумен басқа бөлмеге кетіп, қосалқы есіктен қашып кеткен", - деді Әбдірахманов.

Реклама
Реклама

1985 жылы туған күдікті ер адам Өскемен әуежайында ұсталған. Ол қамауға алынған. Соталды тергеп-тексеруді жүргізу Медеу аудандық Полиция басқармасының тергеушілеріне тапсырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная