02 ақпан 2022 15:26

Семейде 130-дан аса ағаш кескендер тобы ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

"Семей орманы" резерватының аумағында ер адамдар ірі техниканың көмегімен заңсыз ағаш кескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Семей орманы" резерватының аумағында ер адамдар ірі техниканың көмегімен заңсыз ағаш кескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыс қаңтар айының басында тіркелген. Қаңтар айында Бесқарағай РЖП кезекші бөліміне "Семей орманы" директорының өтініші келіп түсті. Ол орман күзетшілерінің патрульдік жұмыстары кезінде ағаштарды заңсыз кесу деректерін анықтағанын хабарлады. 112 қарағай, көлемі 56 текше метрден асатын 25 көктерек кесілді. Бұрын орман болған ұлан-ғайыр аумақта тек діңгектер мен кесілген ағаш бұтақтары көрінетін.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде 40-43, 46, 30, 51 жастағы Бесқарағай ауданы мен Семей қаласының тұрғындарын ұстады. Ұсталғандардан трактор, тіркеме, сондай-ақ кесілген ағаштардың бөренелері тәркіленді. Полицияның мәліметінше, келтірілген шығын шамамен 350 000 теңгені құраған.

Реклама
Реклама

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабының 3-бөлігі - ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram