31 наурыз 2022 | 11:06

Семейде ағылшын курсы кабинетінен ірі көлемде есірткі тәркіленді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

Семей полицейлері ағылшын курсы кабинетінен 11 келіден астам есірткі тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Семей полицейлері ағылшын курсы кабинетінен 11 келіден астам есірткі тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Наурыздың басында Семей қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының білім беру орталықтарының бірінің ағылшын тілі кабинетінде Алматы қаласының 36 жастағы тұрғынын ұстаған.

"Оқу бөлмесіне тінту жүргізу барысында өсімдік тектес жасыл түсті зат салынған полиэтилен қапшыққа оралған картон қорап табылды. Сараптама қортындысына сәйкес, тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шықты. Жалпы салмағы 11 келіден асады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі ("Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу") бойынша соталды тергеу басталған. Бұл баптың санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная