28 ақпан 2020 | 14:41

Семейде мектеп есепшісі 3,2 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды

Семейде мектептің бас есепшісі үш миллион теңгеден астам ақша ұрлағаны үшін сотталды, ол бұл соманы картасына жіберген - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Семейде мектептің бас есепшісі үш миллион теңгеден астам ақша ұрлағаны үшін сотталды, ол бұл соманы картасына жіберген - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Семейдегі № 27 орта мектебінің бас бухгалтері Абдувалиеваға қатысты қылмыстық істі аяқтады. Ол 3,2 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз өзінің карточкалық шотына аударып, ұрлады деген күдікке ілінді.

Реклама
Реклама

"2020 жылдың 20 ақпанында Семей қалалық № 2 сотының үкімімен Абдувалиева мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып үш жылға сотталды", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов брифингте.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная