ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қаңтар 2022 | 09:31
Семейде полиция қызметкері әріптесін қағып өлтірді
ШҚО-да полиция қызметкері жол бойында тұрған әріптесін қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Arnapress.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ШҚО-да полиция қызметкері жол бойында тұрған әріптесін қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Arnapress.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 2 қаңтар күні сағат 04:00 шамасында Семей - Өскемен тас жолының 25-шақырымында болған.
"2 қаңтар күні таңғы сағат 04.00 шамасында Семей-Өскемен тас жолының 25-шақырымында Семейден келе жатқан Lada-2170 маркалы көлік иесі жолға шығып кеткен жаяу жолаушыны қағып кетті. Жаяу адам алған жарақаттарынан көз жұмды", – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Жол-көлік оқиғасының екі қатысушысы да полиция қызметкерлері. Олардың оқиға орнында бір уақытта болуы кездейсоқтық жағдай. Екеуі де үйлеріне бара жатқан. Қазіргі уақытта жүргізушіге қатысты қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді полиция.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также