25 ақпан 2020 | 12:17

Семейде сержант сарбаздардың азық-түлігін ұрлаған

© mod.gov.kz

Семейде әскери бөлімінің азық-түлік қызмет қоймасының басшысы 3 жыл 6 айға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Семейде әскери бөлімінің азық-түлік қызмет қоймасының басшысы 3 жыл 6 айға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери соттың мәліметінше, әскери бөлімінің азық-түлік қызмет қоймасының бастығы лауазымда бола тұра, 2018 жылдың қыркүйек 2019 жылдың мамыр аралық кезінде оған сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп, азық–түлік қоймасынан 3900 жеке тамақтану рационын әскери мүлкінің балансы есебінен шығарылған деп, өзінің қызметтестеріне заңсыз сатып, толығымен жымқырған.

Реклама
Реклама

"8 951 022 теңге сомада жетіспеушілік анықталған. Семей гарнизоны әкери сот үкімімен сержант ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлімі 1-тармағында қарастырылған қылмысты жасаған үшін кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде мүлікін тәркілемей, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - делінген соттың хабарламасында.

Сондай-ақ, оның сержант атағынан айырылғаны айтылады. Сонымен қатар сержанттан жәбірленушілердің өтемақы қорына 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, сомасы 50500  теңге төлем өндірілді.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная