Семейлік тұрғынды танысы университетке жұмысқа орналастырамын деп алдап кеткен

Дина Шарипханова Корреспондент
Семейлік тұрғынды танысы университетке жұмысқа орналастырамын деп алдап кеткен Иллюстрация

Семей қаласының 40 жастағы тұрғыны танысына облыстағы жоғары оқу орындарының біріне жұмысқа орналасу үшін 550 мың теңге берген. Танысы байланысқа шықпаған соң, алданған жәбірленуші полицияға жүгінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер қылмыс жасады деген күдікпен 28 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

"Ұсталған әйел кінәсін мойындап, ақшаны жұмсап жібергенін түсіндірді. Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі "Алаяқтық" бойынша соталды тергеу басталды. Баптың санкциясында екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деді полиция өкілдері.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама