03 ақпан 2020 16:48

"Серік-голова" лақапатымен танылған қылмыс әлемінің серкесі ұсталды

© knb.gov.kz

2020 жылғы 1 ақпанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Серік Жаманаев (қылмыстық лақапаты - "Серік-голова") жетекшілік еткен ықтимал ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Жаманаевпен бірге ауыр және аса ауыр, оның ішінде зорлық-зомбылық қолданумен қылмыс жасауға қатысы бар деген күдікпен қылмыс ортасының алты өкілі ұсталып, Алматы қаласы ПД УҰИ-ға қамалды.

Реклама
Реклама

"Олардың тұрғылықты жерлері бойынша жүргізілген тінту іс-шаралары барысында автоматты және жартылай автоматты қару, ірі ақшалай қаражат сомасы, сондай-ақ ұсталғандардың бөгде мүлікті иемденуін растайтын заттар алынды", - делінген хабарламада. 

ҚР ҰҚК - ҚР ІІМ ведомствоаралық жедел-тергеу тобы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram