Шетелдікті әуежайдан қалаға жеткізген астаналық такси 40 мың теңге сұраған

© Тұрар Қазанғапов

Венгрия азаматын ?уежайдан ?ала?а жеткізген астаналы? такси ж?ргізушісі алдап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Венгрия азаматын әуежайдан қалаға жеткізген астаналық такси жүргізушісі алдап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

6 маусымда 14.00-де полицияға Венгрия азаматы шағым түсірген, ол белгісіз такси жүргізушісінің алаяқтық жолмен 40 000 теңге иемденіп кеткенін айтқан. 

"Жедел-іздестіру шаралары барысында "Сарыарқа" ІІБ полицейлері 33 жастағы жүргізушіні ұстаған, ол шетел азаматын алдап, әуежайдан Желтоқсан көшесінде орналасқан қонақүйге жеткізгені үшін көп мөлшерде ақы алған", - дейді елордалық ІІД өкілдері. 

Реклама
Реклама

Такси жүргізушісі аккредитациядан өткен, жеке адам тасуға құқығы бар екені анықталды. Осы дерек "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама