"СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ бас директоры ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: 24.kz

1 сәуірде "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ бас директоры ұсталды. Ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 сәуірде "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ бас директоры ұсталды. Ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1 сәуірде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ бас директоры ұсталып, Петропавл қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс Ішкі істер министрлігі, прокуратура және СҚО ПД басшылығының бақылауында", - деді Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, 20 наурызда Петропавлдағы ЖЭО-2-де үш құбырдың бірі құлаған болатын. 22 наурызда "ЖЭО-2" ЖШС директоры мен кәсіпорынның бас инженері ұсталып, Петропавл қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. ЖЭО-2-дегі апаттан кейін құқық қорғау органдары ҚР ҚК-ның 254-бабы "Мiндеттерiне адал қарамау" бойынша қылмыстық істі тергеуге кіріскен.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама