Шахтинскіде жаппай төбелес кезінде полиция қызметкерлері оқ жаудырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Шахтинскіде түнгі клубтың маңындағы жастардың төбелесін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Оқиға кезінде атыс дауыстары естілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шахтинскіде түнгі клубтың маңындағы жастардың төбелесін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Оқиға кезінде атыс дауыстары естілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде төбелестің видеосы тарады. Видеодан төбелеске оннан аса жігіт қатысқанын көруге болады. Бір кезде олар атылған қарудың даусынан жан-жаққа қашады.

Видеоға Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, бір топ жас арасындағы жанжал 22 наурызда болған.

Реклама
Реклама

"22 наурызда сағат 23:50 шамасында Шахтинск қалалық ІІБ-нің кезекші бөліміне түнгі клубтың жанында жаппай төбелес шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Анықталғандай жанжал белгісіз адамдардың арасында туындаған. Ауыр салдардың алдын алу үшін полиция қызметкері ауаға оқ атты. Оқиғаға қатысушылардың барлығы полиция бөліміне жеткізілді", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама