09 маусым 2022 11:49

"Шауырмаға салған". ШҚО-да колонияға телефон алып кіргісі келгендер әшкере болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: polisia.kz

ШҚО-да ішіне телефон салынған шауырмаларды колонияға өткізбек болғандар анықталды, - деп хабарлайды polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да ішіне телефон салынған шауырмаларды колонияға өткізбек болғандар анықталды, - деп хабарлайды polisia.kz.

Колониядағы досына кездесуге келген 35 жастағы азамат смартфондарды өзімен бірге алып кіруге тырысқан. Телефондарды шауырмаға, ал телефонға керек-жарақты майонез салынған ыдысқа жасырған. Қызметкерлер тексеріс барысында тыйым салынған заттарды тауып, ер адамды ұстаған.

"Жас жігіт колонияға досымен кездесуге келді. Ол тыйым салынған заттарды әкелді. Екі шауырмада екі смартфон, ал майонез салынған ыдыста керек-жарақ нәрселер - құлаққаптар мен қуаттағыштар болды", - деп түсіндірді мекеме бастығының орынбасары Айдын Қалелов.

Реклама
Реклама

Бұл дерек бойынша жедел топ шақырылған. Ал құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram