ПОДЕЛИТЬСЯ
06 наурыз 2022 | 14:13
Шекарада Қырғызстанға 80 тонна бензин өткізбек болғандар ұсталды
АИ-92 маркалы бензиннің 80 тоннасы цемент қаптардың арасына жасырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АИ-92 маркалы бензиннің 80 тоннасы цемент қаптардың арасына жасырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақпарат бойынша, 6 наурызда шекарашылар Қазақстан-Қырғызстан шекара учаскесінің "Қарасу" (Жамбыл облысы) автомобиль өткізу пунктінде 80 тонна "АИ-92" маркалы жанар-жағармай материалдарын Қазақстаннан әкетуге жол бермеген.
"Жанар-жағармай материалдарын заңсыз тасымалдаушылар мұнай өнімін цемент қаптарының арасына жасырып өткізбек болған. Екі жүк машинасын тексеру кезінде цистерналардың сырты ағаш үгіндісі салынған қаптармен жабылғаны анықталды. Тауар ілеспе құжаттар бойынша "құрама" жүк ретінде рәсімделген", - делінген хабарламада.
Ұсталған жанар-жағармай материалдары Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.
Шекара қызметі қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағынан бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынатынын еске салады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также