21 қаңтар 2022 13:56

Шенеунік журналиске қастандық жасауға тапсырыс берген - Түркістан полициясы

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің суреті

Түркістан облысының полиция қызметкерлері қастандық жасау дерегін әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының полиция қызметкерлері қастандық жасау дерегін әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы 3 қаңтарда әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Сарыағаш ауданындағы белгілі журналистің үйіне шабуыл жасалып, оның ұлы жарақат алғаны туралы ақпарат тараған.

"Сарыағаш ауданында жасалған қылмыс туралы ақпарат алған соң, қылмыс орнына жедел жұмыс жөніндегі орынбасарым Құрманбек Сақов бастаған криминалдық полицияның кәсіби жедел қызметкерлері мен тергеушілер тобын жібердім. Олар келген бойда белгісіз біреулер журналистің үйіне автокөлікпен келіп, терезеден оқ атып, қашып кеткенін анықтады. Салдарынан үй иесінің баласы жараланды", - деді Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков.

Реклама
Реклама

Сол күні полиция қызметкерлері бұл деректі аудандық Полиция бөлімінде тіркеп, ҚР ҚК 24-99-бабы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Дәлбеков бірден бірқатар нұсқа қарастырылғанын, соның ішінде қылмыс журналистің кәсіби қызметіне байланысты жасалғанын айтты.

"Кейін дәл осы нұсқа расталды. Нақты істі ашуда қиындық қылмыс айқын болмауынан туындады", - деді Дәлбеков.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкенттің екі тұрғыны полиция назарына іліккені хабарланды.

"Олар оқ атып, оқиға орнынан қашып кетті. Жедел уәкілдер оларды тұрғылықты жері бойынша ұстады. Содан кейін олар делдалдар мен қылмысқа тапсырыс берушілер екені белгілі болды. Бүгінде осы қылмысқа қатысы бар 5 күдікті ұсталды. Заттай айғақ ретінде олардан ВАЗ маркалы 2 автокөлік тәркіленді. Қылмыскерлер оны қылмыстық жолмен келген ақшаға сатып алған. Сондай-ақ, 16 калибрлі оқ-дәрі тәркіленді. Қазір Сарыағаш ауданы тұрғындарының бірі, яғни шенеунік осы іске тапсырыс бергені анықталды. Ол журналистің өмірін 5 000 000 теңгеге бағалаған. Ол өзінің бұрынғы қызметкеріне, ал ол өз кезегінде делдалға барып, содан кейін делдал осы қылмысты жүзеге асыратын екі орындаушы тапқан", - деді аймақтың ПД бастығы.

"Қазір тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Осы қылмыс бойынша тергеу жүргізіледі. Сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстың себептері мен барлық мән-жайы анықталады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оларды қамауға алуға санкция берді", - деп түйіндеді Дальбеков.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram