ПОДЕЛИТЬСЯ
02 сәуір 2021 | 15:43
Шенеунік Маңғыстау облысындағы жолдар үшін пара алғанын мойындады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшылығына қатысты пара алу дерегі бойынша тергеу аяқталғанын мәлімдеді. Жол сапасына тұрғындар шағымданған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшылығына қатысты пара алу дерегі бойынша тергеу аяқталғанын мәлімдеді. Жол сапасына тұрғындар шағымданған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының "ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылығына қатысты "Жұмыспен қамту жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған жолдың құрылысы кезінде қамқорлық көрсеткені үшін заңды тұлғалардан бір миллион теңге көлемінде пара алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров брифингте.
Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті қылмыстық құқықбұзушылық жасағанын мойындаған.
"Құрылыс нысандары Маңғыстау облысының прокуратурасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және азаматтық қоғам тарапынан бірнеше рет сынға ұшыраған. Бұған дейін Мұнайлы ауданында жол құрылысы барысында жұмыстарды сапасыз орындау дерегі бойынша қоғамдық резонанс тудырған ақпарат әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланған болатын", - деп толықтырды ол.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейтінін хабарлады. Күдіктіге қатысты кінәсінің дәрежесін анықтау және түпкілікті шешім сотта қаралады.
Айта кетейік, 2020 жылы Мұнайлы ауданындағы Баянды ауылының тұрғындары жолдардағы жаңа асфальт жабынын сынға алған болатын. Олар тасжолдағы жаңа жабынды қолмен оңай бөліп алуға болатынын көрсететін видео жариялаған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также