ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 31 наурыз 2022 16:53
Шенеунік пара алғаны үшін 23 миллион теңге айыппұл арқалады
Түркістан облысында департамент басшысының міндетін атқарушы пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
"24 наурызда Түркістан қалалық соты Түркістан облысы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының м.а. Дадаметовті мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 23 миллион теңге көлемінде айыппұлға соттады", - делінген хабарламада.
Ақпарат бойынша, ол Түркістан облысының "Азаматтарға арналған үкімет" қызметкерлерінің Атанбеков, Налибаев, Пірәлиев және Камалдың жеке тұлғаларға зейнетақыны кедергісіз тағайындағаны үшін 30-дан 150 мың теңгеге дейін пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу