28 қазан 2024 | 10:32

Шерзат Болаттың өлімі: 5 бап бойынша тергеу жүріп жатыр

Midjourney нейрон желісі арқылы жасалған

ІІМ 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу барысы туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу барысы туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу бес бап бойынша жүргізіліп жатыр - ҚР ҚК-ның 99-бабы, 2-бөлімі ("Адам өлтіру"), 293-бабы, 3-бөлімі ("Бұзақылық"), 115-бабы ("Қорқыту"), 432-бабы ("Қылмысты жасырып қалу") және 434-бабы ("Қылмыс туралы хабарламау") бойынша.

"Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері де жұмыс істеп жатыр. Басында әлеуметтік желілерде оқиғаның себептері туралы анық емес ақпараттың кеңінен таралуына байланысты министрлік белгіленген тәртіппен (Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес) 15 қазанда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді, онда тергеудің кейбір деректері жарияланды", - деді ІІМ басшысы Ержан Сәденов депутаттық сауалға жауабында.

Реклама
Реклама

Ол қазіргі уақытта адам өлтірді деген күдікпен 8 адам, ал қылмыс туралы хабарламау туралы бап бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауға алынғанын еске салды.

"Тергеу жалғасып жатыр, оның барысында оқиға орнында болған басқа адамдардың қатысуы тексеріліп, олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Жалпы, қазіргі уақытта елдегі криминогендік жағдай тұрақты, ішкі істер органдары Президенттің құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр", - деп толықтырды Сәденов.

Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда жасөспірім айуандықпен өлтірілген. 16 жастағы Шерзат Болат дүкенде әкесіне көмектесіп жүрген, осы кезде тұтынушымен жанжал басталған. Сатып алушы достарына телефон соғып, олар келіп Шерзатты пышақтап, басына мылтықпен ұрған. Жанжал кезінде Шерзаттың әкесі, ағасы да соққыға жығылған. Шерзат Болатты әкесі ауруханаға жеткізген, бірақ оны құтқару мүмкін болмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram