21 қазан 2022 | 09:21

Шетелдіктерден ақша бопсалаған қылмыстық топ мүшелері ұсталды - ҰҚК

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдасқан қылмыстың еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсерін төмендету бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Реклама
Реклама

2022 жылғы 11 қазанда бірнеше кезеңнен тұратын жедел жұмыстардың нәтижесінде бір уақытта Алматы, Ақтау, Маңғыстау облысының Бейнеу және Ақжігіт кентінде ҰҚК "А" арнайы мақсаттағы қызметін жұмылдыра отырып, қоғамға қауіпті "Бейнеуліктер" қылмыстық тобының заңға қайшы әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция іске асырылды.

Топ мүшелері "Тәжен" өткізу пунктінде (Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Мемлекеттік шекара) шетелдіктер мен жеке тасымалдаушылардан жүйелі түрде ақша бопсалады және өзге де ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінген.

Арнайы операция барысында қылмыстық топ басшысы мен 5 белсенді мүшесі ұсталды. Ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы бекітілді.

Ұйымдасқан қылмыс тарапынан төнетін қауіпті бейтараптандыру бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная