ПОДЕЛИТЬСЯ
24 наурыз 2022 | 10:02
ШҚО-да 10 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген ресейлік ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында 10 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген ресейлік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шығыс Қазақстан облысында 10 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген ресейлік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
ШҚО ПД баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары "Іздестіру" жедел алдын алу шарасын өткізген.
"Осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын Өскемен қаласында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздестіріліп жатқан ресейлік азамат анықталды. 2009 жылғы қыркүйектің аяғында 34 жастағы ер адам танысымен бірге дәмхана маңында жергілікті тұрғынға күш қолданып, ұялы телефонын тартып алған. Полицейлер оның бірін құрықтағанымен, екіншісі Ресейге қашып кеткен. Қазір ол қолға түсіп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ТМД елдерімен бірлескен іс-шара нәтижесінде тағы бір іздеуде жүрген қылмыскер Ресей Федерациясының Алтай өлкесінің Барнаул қаласында қолға түскен. Оған 23 жыл бұрын Семей тұрғынына дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Айта кетейік, арна мәліметінше, жалпы шара барысында полиция қызметкерлері іздестіріліп жатқан 24 адамды ұстаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также