ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қыркүйек 2020 | 09:26
ШҚО-да 7 жасар баланың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
Шығыс Қазақстан облысындағы жеті жасар Эдуард Жилиевтің өліміне қатысты жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шығыс Қазақстан облысындағы жеті жасар Эдуард Жилиевтің өліміне қатысты жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, жеті жасар бала Зубовск аулында жоғалып кеткен болатын. Бір тәуліктен соң бала өлі табылған еді.
"Астана" телеарнасының мәліметінше, баланың денесінде пышақ жарақаттары болған. Ал "Бірінші Еуразия арнасы" баланы ағасы тапқанын айтады. Туыстарының айтуынша, баланың денесі көгерген, мұрны сынған, көп жарақат алған.
Жергілікті Yk-news.kz мәліметінше, күдікті қайтыс болған баланың бұрынғы көршісі, ауылдың 20 жастағы тұрғыны. Психикалық ауытқулары болған.
Сондықтан сабақты үйден оқыған екен. Дегенмен, көршілерінің айтуынша, ол ешкімге ашу-ыза көрсетпеген, әрдайым көмек көрсетуге дайын тұрған. Бірақ кей тұрғын күдіктінің анда-санда ішімдік ішетінін айтады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также