ШҚО-да әкесі мен ұлы өз үйінде өлі табылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ШҚО-да өз үйінде әкесі мен ұлының денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО-да өз үйінде әкесі мен ұлының денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

17 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Қабырға ауылында зорлықпен өлтіру белгілері бар 59 және 29 жастағы екі ер адамның мәйіті табылған. Қазір ҚР ҚК-нің 105-бабы ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") және 99-бабы ("Адам өлтіру") баптары бойынша соталды тергеп-тексеру әрекеттері басталды.

Алдын ала болжам бойынша әкесі ұлына тіркелген аңшылық мылтықтан оқ жарақатын салған, одан ұлы қайтыс болған, содан кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіләп жатыр. Сот сараптамалары тағайындалды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама