29 сәуір 2019 | 10:17

ШҚО-да алаяқ әйел танысын 600 мың теңге қарызға батырған

Камила Долаева Журналист
© Pixabay

ШҚО-ның Аягөз қаласында 30 жастағы алаяқ әйел құрықталды. Ол танысының атынан бірнеше рет онлайн-несие алып, қарызға белшесінен батырып кеткен, - деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ШҚО-ның Аягөз қаласында 30 жастағы алаяқ әйел құрықталды. Ол танысының атынан бірнеше рет онлайн-несие алып, қарызға белшесінен батырып кеткен, - деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқиға 2018 жылдың наурызында болған. Алаяқ әйел 44 жастағы қала тұрғынының ішімдікке әуес екенін біліп, оны алдап-арбап, сеніміне кіреді. Осылайша, оның жеке бас куәлігін фотосуретке түсіріп, банк мәліметтерін біліп алады. Смартфонына интернет-банкинг орнатып, түрлі микронесие беретін мекемелерден оннан астам онлайн-несие рәсімдейді. Барлығы жарты миллиондай қарыз алғаны анықталып отыр.

Реклама
Реклама

Сәуірдің соңына қарай алданған әйел мойнында 600 мың теңге қарызы бар екенін біліп, бірден танысынан көреді. Ол несие алғанын мойындап, қарызды өтеуге уәде етеді. Алайда сол бойы уәдесін орындамаған соң, жәбірленуші полицияға арызданған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная