ПОДЕЛИТЬСЯ
28 наурыз 2022 | 11:33
ШҚО-да алты айлық баласын өлтіріп алған ер адам сотталды
ШҚО-да алты айлық баласын өлтіріп алған ер адам 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ШҚО-да алты айлық баласын өлтіріп алған ер адам 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ер адам қазір ШҚО ҚАЖД 156/6 қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда жазасын өтеп жатыр. Ол алты айлық ұлын өлтіріп алғаны үшін 10 жылға сотталды. Ер адам баласының жөргегін ауыстырғысы келген. Сол күні ол аздап ішімдік ішкен.
"Әйелім біраз уақытқа шығып кетті. Ұлым төргі бөлмеде жатты, кенет жылай бастады. Ұлыммен серуендеп қайтқым келді, жолда сусын сатып алып, үйге қайттым. Баланың киімдерін шеше бастадым. Содан кейін оның бүлдіріп қойғанын көріп, жөргегін шешіп, жууға бардым. Жақын маңда сүлгі болмады, қабырғаның жақтауында ілініп тұрды. Бала қолымда болды, содан кейін сүрттім. Ас үйден шығып бара жатқанда, дәліздегі линолеум кесілген еді. Шалынып құлаған секілдімін. Бала қолымнан ұшып кетті. Шкаф пен қабырға арасындағы бұрышқа түсті. Оны дереу көтеріп, залға бардым", - деді ол.
Содан кейін ол баланы диванға жатқызып, киімін шешкен. Кенет баланың дірілдеп, көгере бастағанын байқап, кіреберіске шығып, көршілерден баланы қарап көруін өтінген. Көршісі жедел жәрдем шақырған.
"Жағдай соншалықты қиын деп ойламадым. Мас болдым, не болғанын әрең есіме түсірдім, ештеңе есімде жоқ. Жұбайым мені кешірмеді. Әрине, оның ана екенін және бұл жағдайды бастан кешіру қандай қиын екенін түсінемін. Бірақ әдейі жасамадым, бәрі ішкендіктен болды", - деді ол.
Оның айтуынша, колонияға келген алғашқы күндер қиын болған. Оған мекеме психологтары көмектескен.
"Қазір алкоголизмнен айықтым. Босап шыққаннан кейін үйге ораламын, жұмыс табамын. Әйелім кешірмейтін болар, бірақ жақсылыққа сенемін", – деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также