ПОДЕЛИТЬСЯ
26 шілде 2021 | 12:09
ШҚО-да аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды
Шығыс Қазақстан облысы аудандарының бірінде әкім орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті аудандардың бірінің әкімінің орынбасарына қатысты 1 800 000 теңге сомасында, яғни кәсіпкерден айтарлықтай мөлшерде пара алу дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті қамауға алынды", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі.
Басқа мәлімет тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды. Кінәлілік дәрежесіне байланысты түпкілікті үкімді сот шығарады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также