ПОДЕЛИТЬСЯ
01 тамыз 2021 | 09:08
ШҚО-да аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды - БАҚ
ШҚО Глубокое ауданы әкімінің орынбасары жергілікті кәсіпкердің шағымынан кейін пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі InBusiness.kz басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ШҚО Глубокое ауданы әкімінің орынбасары жергілікті кәсіпкердің шағымынан кейін пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі InBusiness.kz басылымына сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, сот кабинетінде осы іс бойынша басты сот талқылауын 12 шілдеге тағайындау туралы 2021 жылғы 29 маусымдағы қаулы жарияланған. Онда істі тоқтата тұру және тоқтату үшін ешқандай негіз жоқ делінген. Күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды.
БАҚ аудан әкімінің орынбасары 24 сәуірде "Прииртышье 1" ЖШС басшысы Виктор Леонтьевтің өтініші бойынша ұсталғанын жариялады. Ол лауазымды тұлғалардың орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін ақша қаражатын бопсалау дерегіне және құны 56 миллион теңге болатын аудандық маңызы бар автожолдарды қысқы және жазғы күтіп-ұстау бойынша көрсетілетін қызметтерге тендер өткізу барысында оның кәсіпорны біліктілік талаптарына сәйкес келмеуін уәждей отырып, заңсыз жарамсыз деп танылғанына шағымданды. Кәсіпорын 15 жылдан аса уақыт аудан жолдарына қызмет көрсеткен.
Кәсіпкердің айтуынша, оның компаниясы бұған дейін мемлекеттік болған және жолдармен айналысқан, 2019 жылы жекешелендірілген. Жекешелендіру шартының талаптары бойынша кәсіпорын 5 жыл ішінде нысаналы мақсатын өзгерте алмайды, ал бұл аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау. Бұл дегеніміз, компания осы жұмыстардан басқа жұмыстарды орындай алмайды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта 23 адам жұмыссыз қалған.
Виктор Леонтьев ел Президентіне жүгінуге мәжбүр болғанын айтты. Оған Мемлекет басшысы оның шағымын Бас прокуратураға тексеруді тапсырғанын айтты. Нәтижесінде пара алды деген күдікпен бір шенеунік - аудан әкімінің орынбасары ұсталды, деп хабарлайды портал.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также