06 ақпан 2020 | 11:24

ШҚО-да бірқатар басшы пара алды деген күдікке ілінді

видеодан үзінді

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бірқатар басшы сыбайлас жемқорлыққа күдікті ретінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бірқатар басшы сыбайлас жемқорлыққа күдікті ретінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары мен Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Реклама
Реклама

"Олар "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" аясында жәрдемдесу мен жалпы қамқорлық үшін ЖШС өкілінен 35 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Аталған лауазымды тұлғалар мен ЖШС өкілі ұсталып, Өскемен қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе қарастырылып жатыр", - делінген хабарламада. 

Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная