ПОДЕЛИТЬСЯ
18 ақпан 2021 | 14:57
ШҚО-да екі тұрғын алаяққа сеніп, 23 миллион теңгесінен айрылып қалған
Шығыс Қазақстан облысында екі тұрғын алаяққа сеніп, 23 миллион теңгесінен айырылып қалған. Тарбағатай ауданының 27 жастағы тұрғыны екі әйелді алдап, қомақты қаржы, пәтер беруге уәде берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шығыс Қазақстан облысында екі тұрғын алаяққа сеніп, 23 миллион теңгесінен айырылып қалған. Тарбағатай ауданының 27 жастағы тұрғыны екі әйелді алдап, қомақты қаржы, пәтер беруге уәде берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ШҚО полиция департаменті Өскемен қаласының 24 жастағы тұрғыны жинаған сомасын екі есеге арттырғысы келіп, алаяққа төрт миллион теңге бергенін хабарлады. Кейін ол ақшасынан да, әйелден де айырылып қалған.
"Жәбірленуші Өскемендегі полиция бөліміне шағым түсірді. Сол күні Тарбағатай ауданы тұрғынынан да дәл сондай арыз түсті. Екі келіншекті де бір алаяқ алдағаны белгілі болды. Екінші әйел алаяққа пәтер сатып алуға 19 миллион теңгесін берген", - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Тексеру нәтижесінде Тарбағатай ауданының 27 жастағы тұрғыны анықталды. Әйел өз кінәсін толық мойындады.
"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы ("Ірі мөлшердегі алаяқтық") және 4-бөлігі 2-тармағы ("Аса iрi мөлшердегі алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Айта кетейік, жақында осындай қылмыс Қазақстанның басқа қалаларында да тіркелген. Мысалы, Нұр-Сұлтан тұрғыны бастапқы жарнаға үлкен пәтер беруге уәде берген компанияға соңғы ақшасын салып, нәтижесінде отбасымен көшеде қалған. Ал Шымкент қаласының тұрғыны әлеуметтік желідегі қазақстандық азаматтардың құжаттары көмегімен 50 онлайн-несие рәсімдеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также