11 шілде 2020 15:09

ШҚО-да фармацевт дәрі-дәрмектерді үйінде жасырған

ШҚО-да фармацевт дәрі-дәрмектің үлкен партиясын үйінде жасырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да фармацевт дәрі-дәрмектің үлкен партиясын үйінде жасырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметнше, алты дәріхана дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан, ал кейбіреулері дәрігерді нұсқаусыз берген.

Реклама
Реклама

"Тексеріс мақсатындағы сатып алу барысында фармацевт "Трамадол" препаратын жоғары бағамен сатқаны анықталды. Айта кету керек, ол дәрігердің рецепті бойынша ғана беріледі. Сонымен қатар, фармацевт дәрі-дәрмектердің ірі бөлігін үйінде сақтаған", - деді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.

44 жастағы әйелдің тұрғылықты жерін тексеру барысында 2 500-ге жуық "Трамадол" пластинасы мен "Тропикамид" дәрілік препаратының 190 құтысы тәркіленді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram