22 шілде 2022 | 13:59

ШҚО-да қант тапшылығын пайдаланып, жұртты алдаған алаяқ ұсталды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ШҚО-да елдегі қант тапшылығын пайдаланып, қазақстандықтарды алдап жүрген алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ШҚО-да елдегі қант тапшылығын пайдаланып, қазақстандықтарды алдап жүрген алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өскеменнің 29 жастағы тұрғыны елдегі қант тапшылығын пайдаланып, әлеуметтік желіде жалған жарнама орналастырған. Әлеуметтік желідегі жарнаманы көрген азаматтар қантқа тапсырыс берген. Сатушымен WhatsApp арқылы сөйлесіп, мобильді қосымшадағы аударымдар сервисімен алдын ала төлем жасаған. Ақша аударымы сәтті өткен соң байланысқа шығуды доғарып, клиенттерді мессенджерде бұғаттап тастаған. Өздерінің алаяққа алданып қалғанын білген тұрғындар полицияға арыз түсірген.  Бұл деректі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады.

"16 шілдеде жәбірленушіден Өскеменнің 29 жастағы тұрғыны қант жеткіземін деген желеумен ақша алғаны туралы арыз түсті. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты соталды тергеу амалдары басталды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі. 

Реклама
Реклама

Департамент алаяқтың әрекетінен 100-ден аса адам зардап шеккенін, оларға 90 миллион теңгеге жуық шығын келгенін айтты.

"Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, ақша аудару дерегін анықтау үшін банктерге тиісті сұрау жолданды. Осы рәсімдерден кейін күдіктіге қатысты түпкілікті процестік шешім қабылданады", - деді ШҚО ДП.

Айта кетейік, күдікті кінәсі дәлелденсе, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная