ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қаңтар 2022 | 23:35
ШҚО-да қаруланған бір топ адам тойға басып кірген
Полиция мәліметінше, 1 қаңтар таңғы сағат 04.00 шамасында қарулы адамдар ШҚО Үржар ауылындағы мейрамханалардың бірінде өткен тойға басып кірген. Оқиға видеоға түсіп қалған. Ведомство өкілі зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда той үстінде қарулы екі адам атыс шығарғаны көрінеді. Ведомствода шабуыл дұшпандық қарым-қатынас салдарынан жасалғаны айтылды.
"Күдіктілер анықталды, бірі ұсталып, УҰИ-ға қамалды. Бұл дерекке қатысты ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп мәлімдеді ШҚО ПД өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также