ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қыркүйек 2020 | 15:36
ШҚО-да қоныс аударушыларға бөлінген ақша ұрланған
Шығыс Қазақстан облысында бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шығыс Қазақстан облысында бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Қазына" жедел-профилактикалық шарасы барысында комитет департаментінің қызметкерлері Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген бюджет ақшасын жымқыру фактісін анықтаған.
"Глубокое ауданында ЖШС директоры жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге азаматтарды жұмысқа орналастыру және көшіру бойынша жалған дерек ұсынып, 6,8 миллион теңге көлемінде бюджет қаржысын ұрлаған. Алайда бағдарламаға қатысушылар (қоныс аударушылар) іс жүзінде ШҚО аумағында тұрмаған және жұмыс істемеген", - делінген хабарламада.
Осыған ұқсас жағдай Ұлан ауданында да тіркелген. Мұнда 13,4 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражаты жымқырылғаны белгілі болды.
"Бұл фактілер бойынша бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу") және 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также