22 желтоқсан 2020 | 09:43

ШҚО-да қыз зорлағаны үшін сотталған ер адамның туыстары видеоүндеу жасады

© instagram/oo_osa_semey_vko

Семей тұрғынын зорлағаны үшін сотталған ер адамның туыстары
әділ сотты талап етіп, видеоүндеу жасады, - деп хабарлайды YK-news.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Семей тұрғынын зорлағаны үшін сотталған ер адамның туыстары
әділ сотты талап етіп, видеоүндеу жасады, - деп хабарлайды YK-news.kz.

"Менің өтінішімді сот пен тергеу органдары назарға алған жоқ. Мен түсінбеймін ... Шынымен де елімізде адамды дәлелсіз айыптау оңай ма?

Менің мақсатым сот жүйесі мен тергеу қызметін қаралау немесе оған күмән келтіру емес.

"Неге сарапшылардың қорытындысы ескерілмейді? Қорытындыда зорлық-зомбылықтың ізі жоқ екені көрсетілген. Менің ұлым осы жағдайдың құрбаны болды. Ол өзі зардап шеккен адамның қатарында", - дейді сотталушының әкесі Мұрат Хасенов видеоүндеуде.

Реклама
Реклама

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, үкім осы жылдың көктемінде шығарылған. Үкім апелляцияға жіберілгенмен, өзгеріссіз қалдырылған.

"Семейдегі №2 соттың 29 мамырдағы үкімімен Н. Хасенов пен Е.Хасенов алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам жасаған зорлау қылмысы үшін кінәлі деп танылып, ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 28 шілдедегі қаулысымен Семей қаласының №2 сотының сотталғандарға қатысты үкімі өзгеріссіз қалдырылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная