17 мамыр 2022 | 08:21

ШҚО-да мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында мемлекетаралық іздеуде жүрген екі ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында мемлекетаралық іздеуде жүрген екі ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Айбек Түсіпханов пен Диляра Камитова мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскерді анықтады. 29 және 30 жастағы тұрғындар бұған дейін сотты болған.

"Сот үкімі бойынша екеуіне бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Алайда сотталғандар пробация қызметіне міндетті тіркеуге келмеген. Олардың қайда екенін анықтау бойынша жүргізілген алғашқы іздестіру шаралары нәтиже бермеді. Сондықтан оларға мемлекетаралық іздеу жариялау туралы шешім қабылданған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Көп ұзамай іздестіру жұмыстары оң нәтиже берді.

Сотталғандардың бірі Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Верх-Уба ауылында ұсталды. Сақшылардан жасырынған екінші адам Алтай қаласынан табылды.

"Полицейлерге іздеуде жүрген азамат туысының үйінде жасырынып жүргені туралы жедел ақпарат келіп түскен. Ұсталған кезде ер адам әжесінің шкафында жасырынып отырған. Бүгінде екеуі де қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная