21 желтоқсан 2020 17:02

ШҚО-да пәтерден 3 ер адамның денесі табылды

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласындағы пәтерлердің бірінен 3 ер адамның денесі табылды. Оларға оқ тиген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласындағы пәтерлердің бірінен 3 ер адамның денесі табылды. Оларға оқ тиген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

21 желтоқсанда Курчатовта аса ауыр қылмыс жасалған. Қаладағы пәтерлердің бірінен 3 ер адамның денесі табылған.

Реклама
Реклама

"Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті қылмыс жасағаннан кейін өзін-өзіне қол салған. Оның кім екені анықталды. Қаза тапқан адамдар Курчатов қаласында тұрады", - дейді ШҚО Полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.

Қазіргі таңда бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.

Полиция мәліметінше, әлеуметтік желілерде бұл қылмыс қала көшелерінің бірінде болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram