19 қыркүйек 2022 11:23

ШҚО-да пайда табу мақсатында заңсыз әрекет жасаған мекеме басшысы ұсталды - Антикор

Дина Шарипханова Корреспондент

Шығыс Қазақстан облысында қызметтік жағдайын пайдаланып, қызмет мүддесіне қайшы әрекет жасаған мемлекеттік мекеме басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында қызметтік жағдайын пайдаланып, қызмет мүддесіне қайшы әрекет жасаған мемлекеттік мекеме басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы" РММ басшысы әшкереледі.

"Ол өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2021 - 2022 жылдары аралығында қызмет мүддесіне қайшы, пайда табу мақсатында рұқсат етілген салмақтық параметрлерден асып түсетін (артық тиеумен) кенді тасымалдаумен айналысатын үлестес ЖШС-ны әкімшілік жауапкершіліктен алып тастаған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Антикор мәліметінше, салдарынан бюджетке 65,5 миллион теңге сомасында алымдар түспеген.

"Биыл 17 қыркүйекте Өскемен қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген Антикор мәліметінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram