19 мамыр 2023 08:48

ШҚО-да шартты түрде босап шығып, іздеу жарияланған ер адам ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

ШҚО полицейлері іздеуде жүрген ер адамды қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО полицейлері іздеуде жүрген ер адамды қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайына сілтеме жасап.

Өскемен қаласының Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері облыс орталығында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 30 жастағы іздестірудегі қылмыскерді ұстады. Ұсталған ер адам бұған дейін ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі бойынша ("Адам өлтіру") сотталған.

"Сот қаулысына сәйкес, ол қалған өтелмеген мерзімге шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, алайда тұрғылықты жеріне келмеген, сәйкесінше оған Өскемен қаласының №2 сотының қаулысымен іздестіру жарияланды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram