14 мамыр 2019 | 14:26

ШҚО-да такси жүргізушісі әйелден жол ақысының орнына телефонын тартып алған

© Sputnik Армения

Семей қаласында такси жүргізушісі жолаушы болып мінген әйелдің жол ақысын төлеуден бас тартқан соң, телефонын тартып алған, - деп хабарлайды YK-news.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Семей қаласында такси жүргізушісі жолаушы болып мінген әйелдің жол ақысын төлеуден бас тартқан соң, телефонын тартып алған, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Полиция мәліметінше, Семейдің 30 жастағы тұрғыны жетер жеріне бару үшін такси қызметін пайдаланған, алайда қандайда бір себеппен жүргізушімен есептесуді жөн көрмеген. Осы кезде такси жүргізушісі әйелдің Samsung Galaxy A5 смартфонын тартып алған. 

Реклама
Реклама

"Осы азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы 1-бөлігі ("Өзiнше билiк ету") бойынша жүргізіліп жатыр", - деді ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері. 

Осы бапқа сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке қарамастан, басқа адаммен немесе ұйыммен дауласып жатқан, өзiнiң нақты немесе болжамды құқығын өз бетiнше жүзеге асыру - сексен АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная