ПОДЕЛИТЬСЯ
21 шілде 2020 | 11:52
ШҚО-да ұры тонамақ болған үйінде ұйықтап қалған
Шығыс Қазақстан облысында түнде 54 жастағы мас ер адам тонамақ болған үйінде ұйықтап қалды, - деп хабарлайды Altaynews.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шығыс Қазақстан облысында түнде 54 жастағы мас ер адам тонамақ болған үйінде ұйықтап қалды, - деп хабарлайды Altaynews.kz.
Күдікті мас күйінде жеке үйге ұрлыққа түскен. Ол онда ешкім жоқ екенін білген. Ер адам 8 мың теңгенің азық-түлігін ұрлаған.
"Ол азық-түлікті полиэтилен пакетіне салған. Алайда мас ұры оқиға орнында ұйықтап қалған. Таңертең күдікті ұрлаған азық-түлігімен көшеге шыққан кезде оны полиция қызметкерлері ұстады. Күдікті Жарма ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Ер адамның осыған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын белгілі болды", - дейді облыстық полиция департаментінің қызметкерлері.
ШҚО полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиевтің айтуынша, бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-тармағы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелген. Тәртіп сақшылары істі тергеп жатыр.
Показать комментарии
Читайте также